СТАРШИНА

lat: STARSHINA

ор. з а т. 1. к ө н е. Ресей өкіметінің қазақтардың белгілі бір рулық топтарын басқару үшін сайлаған немесе тағайындаған адамы. Уа және әрбір болыс елде с т а р ш и н а басы бір би сайланғандық, бұл халыққа көп залал болғандығы көрініп, сыналып білінді (Абай, Тол. жин.). Абайдың әкесі бір өзі билеп-төстеген Құнанбай Өскенбаев тобықты руының с т а р ш и н а с ы болды («Халық мұғ.»). Айғақтарын даугерлердің өздері алып келуін кейбір ережелер қолайсыз көреді, ол болмасын, айғақтарды сиезге келтіру с т а р ш и н а л а р мен шабармандардың ісі болсын дейді (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам). 2. ә с к. Қызыл армия мен соғыс-теңіз флотындағы кіші командирлік құрамның жоғары атағы, шендік белгісі. Қыздың әскери атағы с т а р ш и н а (Ө.Қанахин, Бақыт.). Бүгін гвардия с т а р ш и н а с ы Байжанбековпен екінші рет кездестік (Ә.Сәрсенбаев, Офицер.).