СТАТУС

lat: STATÝS

жеке тұлғаның белгілі бір кезде болған немесе қазір өмір сүріп отырған жағдайын сақтауы; топтың әлеуметтік-саяси жүйедегі ұстанымы. Бұл ұғымды алғаш Г.Д. Мейн қолданды. Статус үстемдік қатынасын анықтайтын негізгі өлшемдердің бірі. Дәстүрлі қоғамда бағынуды білдіреді. Р.Линтонның пікірінше, статус ұғымы екі мәнге ие: әр адам сатыда өз орны бар нақты статусқа ғана ие емес, сонымен бірге бірнеше статусқа ие.