СТАТУС

lat: STATÝS

(әлеуметтік психологияда), (лат. status жағдай, күй) субъектінің тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі оның құқықтарын, міндетгері мен пүрсаттылықтарын анықтайтын жағдайы. Сол бір ғана индивидтің өзінің әртүрлі топтарда әрқилы статусы болуы мүмкін. Топтық даму деңгейі жөнінен іс-әрекет пен қарым-қатынастың мазмұны жөнінен ерекшеленетін топтардағы индивид иеленетін статустардағы елеулі алшақтық екінің бірінде фрустрацияның, кикілжіндердің және т.б. себептері болуы мүмкін. Эксперименттік тұрғыдан статус әртүрлі элеуметтік-психологиялык, әдістерді қолдану арқылы анықталады. Статустың маңызды сипаттамалары төңірегіндегілердің индивидтің сіңірген еңбегін тануының өзіндік бір өлшемі ретіндегі мәртебе мен бедел болып табылады.