Ертеде, орта ғасырда жазу үшін қолданылған аспап. Ежелгі гректер мен римдіктер стильмен ағашқа жазатын болған. Ол замандағы стиль (аспап) сүйек металдан жасалатын да, үші үшкір келетін. Замандар өткен сайын ол аспаптың аты өзгеріп «стиль» деген сөз бірнеше мағынаға ие болып кеткен. Стиль көркемөнер саласында, әдебиетте де бар. Жазушының, композитордың, суретшінің т.б. өзіне тән стилі болады.