1) индивидтің психикалық күйлерінің динамикасын туындататын (реакция деп белгіленеді) және оған себептің салдарға қатынасындай қатынаста болатын әсер. Физиология мен психологияда «стимул» ұғымы тітіркеңдіру ұғымына теңдес. Бихевиоризмде стимул мен реакция арасындағы қатынастар механистік тұрғыда ұғынылады: стимулға көбіне ортаның өзгерістері («сыртқы әсерлер»), ал реакцияларға организмнің қозғалу жауаптары жатқызылады. Шын мәніңде психологиядағы стимул ниет, оның нәтижелілігі адамның психикасы, көзқарасы, сезімдері, көңіл күйі, мүдделері, талпыныстары арқылы білінеді. Стимул бірқатар жағдайларда түрткіге айнала алатын болса да, түрткімен барабар емес; 2) тітіркендіргіштердің рецепторларға тікелей әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі мүшелерде қоздыру тудыратын әсер. Ол қуаты әртүрлі тітіркенулер тудырады. Стимул қозғаушы, жандандырушы әсер. Тітіркендіргіштердің тікелей таным мүшелеріне (рецепторларға) әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі ағзаларға қоздыру тудыратын әсер. Оның қуаты әр алуан тітіркенулер тудырады.