з а т. Үстел (тамақ ішуге, жазу жазуға арналып, тіреуіш сирақтарға орнатылған үй жиһазы). Әйелдер дөңгелек с т о л д ы ң айналасында шайды сораптап ішіп отыр (С.Жүнісов, Өшп. із.). Мен жымидым, бұлай болса өжеттігі бар болсын: – Кел, жігітім, с т о л ғ а отыр, әңгімеңді айт, жол болсын? (М.Шаханов, Ғасырлар.). Титықтатып тірліктің шоқырағы, Таланттың да тозады топырағы. Кейбіреулер ойлайды: Ақын біздің Тұрады да с т о л ғ а отырады! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).