[лат. structura] з а т. 1. ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап гуманитарлық білімдер саласында қалыптасып келе жатқан бағыт. Бұл бағыттың с т р у к т у р а л и з м деп аталу себебі де оның мәдениеттің түрлі салаларындағы құрылымдарды тауып, суреттеу мақсатымен тікелей байланысты (Мәдени-филос. энцикл. сөздік). С т р у к т у р а л и з м – мәдениеттің көптеген құбылыстарының негізінде шын мәнінде бар логикалық құрылымды іздестірумен байланысты 2 ғасырда пайда болған социогуманитаристикадағы бірнеше бағыттың жалпы аты (ҚҰЭ). 2. л и н г в. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған лингвистикалық ағым. С т р у к т у р а л и з м тілдің құрамды бөліктерін бір-біріне бөлмей, керісінше, оларды бүтін бір жүйе деп есептеп, олардың арасындағы өзара тәуелділіктен туатын заңдылықтарды ашуға ұмтылады. Тіл фактілерін шашыратпай бүтін бір жүйе деп қараудың алғышарттарын Бодуэн де Куртенэ мен Фердинад де Соссюр ұсынды (Қаз. тілі энцикл.).