кең мағынада әлеуметтік құрылымды қарастырғанда ол әлеуметтік әрекеттен жоғары тұрады деген көзқарасты түсіндіру үшін әлеуметтануда қолданылады. Құрылымдық негізіне алынған идея арқылы: әлеуметтік болмыстың тұрақсыз және өзгеріп отыратын көріністерінің тасасында жатқан негізгі құрылымдарды анықтай аламыз. Құрылымдық пошымымен дүниенің мәні туралы белгілі бір тұжырымдар қатар жүреді. Бірінші тұжырым: құрылымның негізгі элементтері тұрақты болып қала береді, ал олардың арасындағы сан алуан қатынастар әртүрлі тілдерді, идеялар жүйесін және қоғам типтерін жасайды. Екінші тұжырым: біз үшін берік, қалыпты және табиғи болып көрінетін нәрсе, іс жүзінде негізгі құрылымның пошымынан бірдеңе жасау процесінің ақтық нәтижесі болып табылады. Үшіншіден, структурализм біздің индивидтер туралы парасатты түсінігімізді өзгертеді. Оларды әлеуметтік болмысты жасаушылар деп емес, қатынастар жемісі ретінде қарастыру.