СТРУКТУРАЛИЗМ

lat: STRÝKTÝRALIZM

Структуралық лингвистиканың негізін салған Фердинад-де Соссюр. Тілдің құрылысы мен системасын негізгі, басты нәрсе деп қарап, младограмматиктердің «атомизміне» қарама-қарсы бағытталған, тіл туралы ғылымның ішкі логикалық даму процесін зерттейтін бағыт. Бұрын тіл білімінде, негізінен, салыстырмалы-тарихи әдісті қолданып келсе, структуралық лингвистика барлық тілге, яки бір топ тілге ортақ нәрсе табуға тырысатын тілдің абстракт теориясы боп саналады.