СҰХБАТ

lat: SUHBAT

[ар. ] з а т. с ө й л. 1. Әңгіме-дүкен құрған отырыс, жиын. Қалың дүрия көрпе, шағи тысты жастықтарға сүйене, дөңгелек үстел жанында отырып, қыз бен жігіт сыпайы бір с ұ х б а т құрды (М.Әуезов, Абай жолы). 2. қ о ғ.-с а я с и. Ғылым, мәдениет, әдебиет т.б. қайраткерлерімен кездесіп өткізілетін әңгіме, пікір алысу. Ылғи да портреттік с ұ х б а т т ы ң бастауында тілге тиек ететінім туған жері... Өйткені қандай адамның болса да, жақсыаманының түп негізі туған жерден қаланатынын ұқтым, деді Қажекең (“Ана тілі”). 3. п у б л. Журналистің белгілі бір мәселе төңірегінде бір немесе бірнеше адаммен әңгіме жүргізу түрінде өткізілетін публицистика жанры. Міне осындай ірі-ірі жетістіктерге жетіп отырған зейнетақы қорының басқарма төрағасының орынбасарымен болған с ұ х б а т т ы “Түркістан” газеті оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз (“Түркістан”). 4. п с и х о л. Әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылатын, арнайы бағытталған диалог. С ұ х б а т т ы ң еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбатаз. тілі термин. Педагогика.).