СҰЛУ

lat: SULÝ

сын. 1. Ажарлы, көрікті, өңді дам).


Асыр сап қойыныңда өспесем де,

Шаттанып шалғыныңды кешпесем де.

Көркіңді сенің сұлу жыр етпекпін,

Төселтіп тіл түйінін шешпесем де (1,61).


Жастық шағыңызда сұлу ма едіңіз?

Жоқ, қарағым (4,158).


// Зат есім мағынасында да қолданылады.


Ақ көлдің айдын төсін шимайлаған,

Сұлулар , жатыр сені қимай далам.

Аққу боп неге ғана жаралмадым,

Адам боп өзіме-өзім сыймай барам (2,70).


2. Сыртқы кескін-келбетінің әдемілігімен көзге түсетін (нәрсе: табиғат, гүл т.б.).


Сұмдық көрдім, бүкіл бір сұлулықты,

Сұрқия құмарпаздық ластаған.

Дүние-ау, сұлу ең ғой жаңа ғана,

Оп-оңай-ақ осылай жоғала ма?

Айтсаңшы, ей, табиғат, сұлулығың

Осындай сұрқайлықтан жарала ма?! (1,250).


Безінем одан, көрмедім оны, бармадым,

Бәрі де сұлу , сұлулық толық жан-жағым.

Қарағай шырша, қапталдан құлай қаулауын.

Тұңғиық көкте қыранның қара самғауын (1,256).