СҰЛУ

lat: SULÝ

с ы н. 1. Сыртқы келбет-кескіні жағынан дұрыстылығымен, тартымдылығымен көзге түсетін ат, нәрсе). Және де құр с ұ л у деп қарамалық, Сыр-сипатын көрелік көз жіберіп. Сырты алтын, іші фальші болып шығып, Сан соғып, құрбыларым, өкінбелік (М.Дулатов, Шығ.). Жып-жылы, с ұ л у ы н а н жылуы, осыдан артығы жоқ, деп бәйек боп жатыр Иранғайып (Р.Тоқтаров, Тұлпар.). Манастың сөзі батымды: Әпкел с ұ л у атыңды! Не тілесең мен бердім, Қыз екенсің ақылды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 2. Көрікті, ажарлы, өңді. С ұ л у бетін сүйгізсе, Улатып, жанды күйгізсе, Маңдайын жерге тигізсе, Ешкім әрі жүр демеді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Не қылса да, өлімнің өз еркі. Жындандырад мені с ұ л у көркі. Құшам, ішем, жынданамын, жылаймын, Бүгінгі күн өмір, өлім менікі! (М.Жұмабаев, Шығ.). // Көрікті, ажарлы, өңді қыз, бойжеткен, әйел баласы. С ұ л у көрсе, ақын қалмас үндемей, Шыдай алмас бүлкілдеген бұл көмей. Беттен сүйсем, Жақсылыққа жорыңдар, Беу, арулар! Өзгелерің күндемей (К.Салықов, Жезкиік). Жап-жас едік, с ұ л у едік, бірақ ерге шықпадық, Арманда өлген екі достың шаңырағын жықпадық (М.Шаханов, Ғасырлар.). 3. Көркем, әсем көрінетінабиғат құбылыстары т.б.).Сұлу көкше. 4. Ішкі мазмұны терең, сәнді, әсем, үйлесімді. С ұ л у мінез ақ жүрекпен артық ең, Қазақ атын шылбырдан сан тартып ең. Біз ұмытсақ, өлмес айғақ тарих бар, Атамыздай болған сабаз қартым ең (М.Дулатов, Шығ.). Көк сеңгірдей көркем, с ұ л у ойларым Ұсақталды, шашылды әрі тарыдай. Күлкіне де қанбадым, не тоймадым, Кетем білем қуанышқа жарымай (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Тірліктен не пайда, С ұ л у болып өтпесе. Ақырында жаһаннан Иманымен кетпесе (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 5. Әсерлі, бейнелі, көркем. С ұ л у сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының әуендерін тыңдасын, сурет салып үйренсін, ән салып, музыка құралдарын ойнап үйренсін. Міне, осыларды естісе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді (М.Жұмабаев, Шығ.). Есенжол, Жүсіп һісімді Сөздері с ұ л у пішімді, Жаңа өрім жүйрік бозбала Байлауда тұрған тағы бар (О.Шораяқов, Шайыр).