СҰЛУЛА

lat: SULÝLA

е т. 1. Әсемдеу, сәндеу, әдемілеу. Қатар-қатар үй салып, С ұ л у л а й м ы н, сырлаймын. Жаңа үй болған жігітке Ең жақсысын сыйлаймын (Ө.Тұрманжанов, Бозша торғай). Қалың жауған қар қиқы-жиқы қоралар мен үйлерді ақ мамыққа бөлегендей, олпы-солпысын көрсетпей с ұ л у л а п тастапты (Ж.Өмірбеков, Қызыл су). 2. Нақышына келтіру, көркемдеу. Мұхаңың маңайында жүретін жастардың бірталайы Мұхаңша бажайына келтіре, с ұ л у л а п сөйлеуге тырысатын еді (Ғ.Сармұрзин, Өнеге). Сандығым жас жүрегім, тілім кілті, С ұ л у л а сырдан құйған іші-сырты. Сақталған көкірегімде сыр сандығым, «Сенікі», «менікі» емес, көптің мүлкі (Қ.Аманжолов, Шығ. жин.).