з а т. ө с. 1. Малға азық ретінде өсірілетін екпе дақыл. Сібірдің бармақтай ақ шолақ с ұ л ы с ы н а тұмсығы еркін тиген қыр аттары бір жетіде бөртіп шығыпты (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.). Шоқпардай сар тары тұр басын иіп, Көрінбес ат құлағы тоғай биік Судырап теңселеді сұлу с ұ л ы Сумаңдап сылдыраған суды сүйіп (I.Жансүгіров, Шығ. жин.). Қордайда дастарқаннан дәм-тұз татып Қызыққа қызыл әскер жатыр батып. Аттарына жоңышқа, с ұ л ы төгіп, Би билеп, күліп-ойнап гармонь тартып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Сәйгүлігімнің сүйкімді барлық қылығы, Сауыры, саны, қидасын кәрі жілігі, Жабуын қағып, ерін де қойдым дайындап, Алтынша шайып астауға сары с ұ л ы н ы (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). 2. <лат. аvena> Қоңырбас тұқымдас біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер туысы; астық дақылы. С ұ л ы дәнінің құрамында 9–19,5% белок, 21–55% крахмал, 7–24% клетчатка, 2,9–5,7% күл, 2–11% май, витаминдер болады. Дәнінен жарма, ұн дайындайды (Қаз. тілі термин. Тамақ.).