дүние жүзі асханаларында сұлыдан көптеген тағамдар әзірлейді. Сұлы ұнынан тағам дайындар алдында оны күрделі жылулық өңдеуден өткізеді. Сұлы ұнынан Шотландияда майқоспалы нан жабады, ол үшін 350 г бидай ұнын, 100 г сұлы ұнын, 300 г сүт, 100 г май, 2 шай қасық сода, 4 шай қасық кремортара (шарап тас тұзы) қажет. Еуропалық сұлы печеньесі құрамына 250 г сұлы, 50 г бидай ұны, 50 г құмшекер, 60 г сары май, 100 мл сүт, 1 ас қасық аспаз ұнтағын қосады.