СҰРАУ

lat: SURAÝ

Сұра етістігінің қимыл атауы. Отырмын ортасында өз елімнің, Ішімнен сөзін жұптап өлеңімнің. Сұрауға судың сырын ебін таппай, Шетінде қарап тұрмын өзеніңнің (1,60). Шіркіндер, жарамады-ау хал сұрауға , Серігін іздеп сезім сансырауда, Қарымта қайтара алмай қарсы дауға. Қабақтан қара тамшы тамшылауда, Жебір ой жігеріңді жаншығанда (3,54).