з а т.1. Жауап берілуін талап ететін сөз; сұрақ. Сабақ жақсы болудың бір шарты, сұрау қойылуға шеберлік с ұ р а у д ы ң дұрыс, тауып қойған оқытушы-оқыту ісіне жетік кісі (Ж.Аймауытов, Шығ.). Берілген с ұ р а у л а р ғ а жауабымыз дәлелді болу үшін, Бағаналының өткен күндеріне аздап көз салып өтейік (С.Шарипов, Бекболат.) С ұ р а у, таңдану, кідіру белгілері тиісінше оқып, дауысты көтеретін орында көтеріп, бәсеңдететін орында жәй оқу тиіс (М.Дулатов, Шығ.). 2. Сұраныс, талап. “Жолымды бер” – дейді олар, Ол – с ұ р а у ы кезектің, Әркімнің бір жолы бар, Құты болғанға не жетсін! (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Қиын екен өмірдің с ұ р а у л а р ы, Ойланды балаң жігіт, біле алмады. “Белінен дұшпан аттап баратқанда, Біздің ел неге қарсы тұра алмады?!» (М.Мақатаев, Шығ.). Сол үшін келген едім — атым Шынар, Тыңдауға өнерпазды халық құмар. Кененді біздер жаққа жіберсін деп, Ұсыныс, көп әйелдің с ұ р а у ы бар (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 3. и н ф. Компьютер желілерінде – көп абонентті арналар арқылы хосткомпьютерге қосылған терминалдар мен шалғай құрылғыларды басқару тәсілі (Қаз. тілі термин. Информатика).