СЫБЫР

lat: SYBYR

з а т. 1. Сыбдыр, сусыл (ағаш, шөп). Жақын тұрған жас қамыс Қоя қойып с ы б ы р д ы, Түре қойып құлағын, Тыңдай қалды күбірді (М.Жұмабаев, Шығ.). Жан күбірі, жел с ы б ы р ы, Құлағымда бесік үні. Сені кемпір, мені шал деп, Ойлайды жұрт осы күні (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Сырттағы желдің с ы б ы р ы Мен үшін қазір өлеңдей. Жұлдыз да маған жымиып, «Жігітсің енді!..» дегендей (C.Жиенбаев, Алтын қалам). 2. Ақырын айтылатын сөз, күбір. Сырттасынбақ, қусынбақ, өршілденбек, С ы б ы р м е н е н топ жасап бөлек-бөлек. Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ, Өзімензі бір күн болмай ма әлек? (Абай, Тол. жин.). Жаярмын талай жерге дабысыңды, Жүйрікпін әрбір топта суырылған. Менің бұл айтқан сөзім жаман ба екен, Сен қыздың түндегі айтқан с ы б ы р ы ң н а н?ердері Әбубәкір, Қазағым). Ел-жұртым, аға-іні, көңіл қошым, Бұл менің арыздасқан сөзім болсын. Даусымды ести алмай арқыраған, С ы б ы р ы м таңдандырар шыққан тосын (Ә.Найманбаев, Шығ.). Өтті-ау деме ғұмырым Аяқ-табақ Кір жуып. Сенің үнің, С ы б ы р ы ң Бұйрықтарға тұр жуық (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 3. а у ы с. Өсек-аяң, құр әңгіме. Үйіңе кірсе дүбір, Үйіңнен шықса с ы б ы р. Жақсылығыңа тоймас, Жамандауын қоймас; Сыртыңнан қарғыс айтып, Көзіңе алғыс айтып, Қыр соңыңнан қалмас... (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Қашады неге жас достар, Түйіссе жолдар кез кеп қап. Екеу де екеу бас қосқан, С ы б ы р да күбір сөз қаптап (Сәуленов, Алыс кет.). С ы б ы р д а н басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ, Өтірік, өсек, мақтанға, Ағып тұрса бейне субай, Тол. жин.). 4. а у ы с. Болған жасырын оқиға, күңкіл. Есіткендей болады, Құлағым ескі с ы б ы р д ы. Ескі ойға көңілім толады, Тірілтіп өткен құрғырды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Әуелгі кездегі күңкіл, с ы б ы р зорайып, елдің пікірі әшкереленеді, ел арасында бірнеше жиналыстар болады (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Бәйгені сыбыр алды. б е й н. Өсек-аяң, сыпсың сөз көбейді, бос әңгіме күшейді. Құрт жегендей қуарып, Қазаның тандыр суалып, Елдік кетіп ыдырап, Б ә й г е н і өсек с ы б ы р а пулат Бабатайұлы, Замана.).