СЫБЫРЛА

lat: SYBYRLA

е т. 1. Дауысын шығырмай ақырын сөйлеу. Күй дәуірлейді, сорғалайды, жаяулайды. Бейне құйып жүрген су жүзіндей толқындап, жыбырлап, с ы б ы р л а п барып басылды (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. Басқаға естіртпей ақырын айту. Сөйлесті бәрі с ы б ы р л а п, Мен отырдым тыңдауға. Жүрегім тұр жыбырлап, Дәл тапқанда ымдауға (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Жаратып бір-бір атын мініп алды, Патшаның ауылына ел жиналды. А, Құдай, ханға қолды жеткізе гөр! Деп әркім өз ішінен с ы б ы р л а д ы (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 3. Өсек айту, жамандау. Қыдырса елден-елді өсекпенен, С ы б ы р л а п отырмаса есеппенен, Дүниядан бос етсең де ала көрме, Ондайды маһшар күні, ешек дегенердері Әбубәкір, Қазағым). Сыбырлағанды Құдай естімей ме? Жұртқа мәлім болмайтын ештеме жоқ деген мағынада. Бірақ с ы б ы р л а ғ а н д ы Қ ұ д а й е с т і м е й м е дегендей, мұндай қолдың текке жатпағанын Еділ, Жайық, Жағалбайлы рулары бірден сезген (I.Есенберлин, Жанталас). С ы б ы р л а п с ө й л е г е н д і Қ ұ д а й е с т і м е й м е, орыс солдатын жеңетін Қоқанда да күш жоғы өзіңізге аян (І.Есенберлин, Шығ.).