ет. 1 . Бір нәрсе (қарын, ішек, т.б.) ішінің тар болмауы (шақ келуі). Ішке сыйған баламыз, Сыртымызға сыйады. Кең ғой біздің даламыз! Зиялы да ұялы (3,136). Суық күзде сойылған жылқының сары қазысы ішегіне сыймай ақтарылып жатыр (4,131). 2 . ауыс. Белгілі бір жерден (ортадан, елден т.б.) бір кісілік орын табылу . Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз, Мына думан өмірге сый аплмаймыз. Бос қиялмен өтпесек жарар еді, Көктемеген егінді жия алмай біз (2,82). Қайда ғана сыйасың , қайда ғана! У таратып болдың ғой айналаңа. Арамзаны ақ сүтпен асыраған, Айдаһарға қор болған қайран ана?! (3,11).