СЫЙАҚЫ

lat: SYIAQY

мыналарға: - кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты; - мұндай мүліктің алыну (берілу) құнын, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, мүлікті лизингке беруге байланысты; - салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша; - сақтандыру сомасының мөлшерін, сондай-ақ сақтандырушы үшін сақтанушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен байланысты; - борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы төлейтін тұлға үшін оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төлем түріндегі; - вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, вексель бойынша; - репо операциялары бойынша репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы оң айырма түріндегі; - жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер.