Азаматтық құқықта – бір тұлғаныц өз мүлкін өтеусіз түрде екінші тұлғаның меншігіне беруі жөніндегі шарт. Мүлікті тапсырған кезде жасалған болып саналады. Сыйға тарту заңмен анықталған пішімде жасалады. Мүлікті мекемелерге (мұражайлар, кітапханалар, т.б.) сыйға тарту кезінде, азамат оның қоғамға белгілі бір пайдалы мақсатпен қолдануын шарт етіп қоя алады. Сыйлыққа ие болған мекеме, сыйға тартушының қалауын орындауға міндетті.