зат. 1 . Сыйға берілген зат, тарту-таралғы . Танысқанымызға үш ай болған жоқ, көріп тұрсыңдар ма, қаншама сыйлықпен көміп тастаған (4,221). Дейді әкем: – Қызым, ойлан, жөнге көн, Қарық қылам бір жүз сомдық теңгемен. Жүз сом ақша тәп-тәуір-ақ сыйлық қой, Бірақ одан жүз есе артық Тэм Глен (4,31). 2 . Еңбекте, жарыста озғандарға берілетін жүлде, бәйге . Мықты болып екеуміз, Сен он төрт сом, мен отыз. Сыйлық алдық не етеміз? Дүкен жаққа барайық, Кәмпит сатып алайық, Тойлатайық ұлдарды, Тойдыралық қуларды (1,7).