1. Қызметтің белгілі бір саласындағы жетістік үшін ақшалай немесе материалдық көтермелеу. 2. Опционды сатып алушы оны сатушыға бағалы қағаздарды, тауарларды бірнеше уақыт кезеңі бойына күні бұрын белгіленген бағамен сату немесе сатып алу жөніндегі сатып алынатын құқық үшін төлейтін сома. 3. Сақтанушы сақтандырушыға төлейтін ақшалай сома (сақтандыру сыйлықақысы). 4. Белгілі бір тауардың бір бағасының екінші бағасынан, атап айтқанда, нақты бағаның атаулы бағадан асып түсу шамасы.