СЫНА

lat: SYNA

ет. 1 . Байқау, бақылау, тексеріп көру . Дәриға-ай! Жұртым маған бір ат берсе, Сонан кейін бастарын құрап келсе, Бәсекелес жігітті қарсы қойып, Сайыстырып, шіркін-ай, сынап көрсе (3,270). Ас артынан алдыға шұбат келді, Біреу татып, біреулер сынап көрді. Қызылқұмның қиылып қыз-келіні, Шұбат емес, бір шара шуақ берді (2,18). 2 . Сын айту, кемшілігін көрсету, мінеу . Айтыстық та, жазғандарын көбінесе сынадық , Сегіз ақын біріктік те, бір суретші құрадық! (1,306). Мезгілсіз өлең тумайды, Көңілсіз болса, кім білсін. Сыбызғы десем қурайды, Оны да сына , білгішім (3,70).