lat: SYNA
ет. 1. Кемшілікті көрсетіп мінеу, шенеу, сын айту.
Бір кезде мұны өсекшіл деп, өлеңдерін мінеп, сынап зықысын шығарушы еді (Б.Майлин, Азамат.).
Қарашы, еркектер ылғи сынап жүреді-ау! (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Жылайын, жырлайын ағызып көз майын
Қалқама келгенде айтуға сөз дайын
Телміріп қарайсың тереңдеп тұрмайсың
Бейхабар жүргенсіп, бек қатты сынайсың (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Әр сөзің алтын,
Ұғар ма екен халқың.
Сынған да шығарсың,
Милләттің қалпын.
Тіл алмас деп қорқамын,
Дер едім тартын... (А.Байтұрсынов, Шығ.).
2. Мінез-құлық, іс-әрекетті байқау, абайлау, тексеріп көру.
Бейне бір құдіретті сынағандай, «Сақтар деп сақтар болса» сертпен жүрдік. Жат жақты жаратқанға күзеттіріп, Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Кебек батыр өз бақтын сынамаққа,
Әдейі іздеп келіпті балгер жаққа.
Оңашада жалынды абызға кеп,
бал ашып бер деді де біздің жаққа (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Сол жолдардың біреуін талассыз деген күнде де,сынамай, икемдей, даяр қамытты қазақ баласының мойнына кигізе қою – тарих алдында, еліміздің тағдыры алдында кешірілмес күнә болар еді (М.Жұмабаев, Шығ.).
Тереңдеп қарайсың,
телміріп тұрмайсың.
Бихабар жүргенсіп
Бек қатты сынайсың (Абай, Тол. жин.).
Көзіме жас бер, жылайын,
Шыдам бер, сабыр қылайын.
Жаралы болған жүрекке
Дауа бер, жамап сынайын (Абай, Тол. жин.).
Ақыл іздеп, ізерлеп,
Бәрін сынап сандалған,
Бірін таппай солардың,
Енді ішіме ой салған.