СЫНШЫЛ РЕАЛИЗМ

lat: SYNSHYL REALIZM

Әдебиеттегі көркем әдіс, оның басты ерекшелігі өмірді шыншылдықпен бейнелеп, адамдардың тағдырын, олардың типтік мінез-бітімін, характерін типтік жағдайда көрсете отырып, қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, кемшіліктерді қатты сынға алу. Орыс әдебиетінде Пушкин мен Лермонтов творчествосында реализм жаңа сипат алды, әдебиетте сыншылдық сарын қоғамдық өмірдің көлеңкелі жақтарын ашып көрсетуге ұмтылу басым болды. Достоевский, Чехов, Л.Толстой және басқа классиктердің творчсствосында осы ерекшелік бұрынғыдан да айқын танылды. Орыс әдебиетіндегі сыншыл реализмнің көркемдік тәжірибесіне сүйене отырып, Чернышевский суреткер көркем өнерде өмір құбылыстарын бейнелеп, түсіндірумен бірге, олар жайындағы өз үкімін шығарады, кесім айтады деген қағиданы алға тартқан еді. Орыс әдебиетінде сыншыл реализмнің орнығуы әдебиеттің әділеттілік жолындағы күреспен байланысы күшеюінің нәтижесі еді. Әдебиеттегі сыншылдық сарын еңбекші қауымның көңіл күйінен, олардың әлеуметтік теңсіздікке, үстем таптың озбырлығына наразылық сезімінен айқын елес береді. Сыншыл реализм өpic алуы әдебиеттегі «таза көркем өнерді» жақ таушыларға, «көркем өнер көркем өнер үшін» деген ұранды уағыздаушыларға үлкен соққы болды, олардың әдебиетті қоғамдық өмірден мүлде алыстатып, оны идеялық мазмұннан жұрдай етуге ұмтылатындығы айқындала түсті. Қоғам өмірін сын көзімен қарап бейнелеу озат жазушылардың творчествосында үлкен өмірлік мақсатпен, жоғарғы идеал-мұраттармен ұштасып жатады. Орыс әдебиетіндегі сыншыл реализмге еңбекші халыққа дегенжанашырлық сезім, халықтың болашағына үлкен сенім айрықша тән 1 қасиеттер екенін көреміз. Реалист жазушылар шығармаларында Россиядағы крепостнойлық буржуазиялық құрылысты сынап, әшкерелеумен тынбайды, қоғамдық өмірді өзгертудің жолдарын бағдарлауға ұмтылады. Қазақ әдебиетінде сыншыл реализм әдісі орыс классиктерінің дәстүрлерін өнеге тұтқан Абайдың творчествосында берік орын алды. 20ғасырдың басындағы әдебиеттегі сыншыл сарын Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмут Торайғыров творчествосында өрісті арна болды.  Ахметов З.