қоғамдағы қайшылықты, озбырлық пен әділетсіздікті, адам мінезіндегі кем-кетікті, жағымсыз қылықтарды ащы мысқылмен, кекесінмен мінеп-шенеу. Өмір шындығын жағымсыз жағынан бейнелеп, уытты тілмен мазақ етеді. Бөжейді жоқтап отырған «екі қыз сөздерін барған сайын қатайтып, қадалып кеп: Жау боп шықты Ырғызбай,
Айыпқа бердің бір қызды-ай.
Оның аты Құнанбай,
Жүйріктігі құландай,
Шұбарлығы жыландай, -
деп жарып өтті. Төрде төмен қарап, тымағын көзіне киіп, тұнжырап отырған Құнанбайды мынау екі қыздың қатал даусы басқа соққандай болды. Бірақ Құнанбай тістеніп ап, сыр бермей шыдап бақты. «Ойпырмай, мынаны көргенше, жер жарылып, жұтып кетсеші бізді!» деген бір ой келді Абайға («Жолда»).