СЫРҒА

lat: SYRǴA

зат. 1 . Сән үшін әйелдер құлағына тағатын әшекей зат . Қыз қиылып сырғасын беріп кетті, қызыл шапақ қырларға көрік төкті, Таң атуын бозарып күте-күте, Шолпан жұлдыз көктегі сөніп кетті (2,333). « Сырғасын хор қызының қайық етіп», Ақанша айдынында тербелейін, «Оқжетпеске» мен жетіп өрмелейін. Даланың бағы іспеттес арлан Көкше, Орнатқан сахараға көрмедейін (2,348). 2 . ауыс. Көктемде жапырақ жаймас бұрын шығатын қайыңның сырға пішіндес аталық гүл шоғыры. Естілмей құстың әні, Естілмей құстың үні, Жалғанның кетті сәні, ұшты гүлі. Сырғасынан айрылған ақ қайыңның, Басына бар ғаламның түсті мұңы (2,188). Дүние майда неге құлпырады?! Қарашы кәрі емен де бұлқынады. Қайың ана сырғасын сәби самал, Сипалап сылдырлатып, жұлқылады (2,275).