з а т. 1. Әртүрлі қымбат металдар мен асыл тастардан (алтын, күміс, гауһар, жақұт, лағүл т. б.) жасалған, сән үшін әйелдердің құлағына тағатын әшекей зат. Құлақтағы әшекей с ы р ғ а с ы, бастағы кәмшат бөрігі, білек толған білезіктері – баршасы да, Абайдың бұл өңірден көрмеген бір сәні сияқты (М.Әуезов, Абай жолы). Ханның құлақтарында сұлу қыздың ерніне ұқсайтын цейлонның қып-қызыл жақұттарынан жасалған с ы р ғ а л а р (М.Жұмабаев, Шығ.). Пәренжі үсте – бітеу қап, Бетінде перде – шімбеті. Шімбетінің астында Гүл шырайлы шын беті. Желпіне алмай, жамылып, Быршып тұрған тер беті. Шаңырақ с ы р ғ а құлақта, Мөлт-мөлт еткен меруерті (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. Малдың құлағына бекітетін нөмірлі қаңылтыр, ен. Туған күні қозының оң құлағына металдан жасалған нөмірлі с ы р ғ а тағылады (Қ.Серікбаев, Қастек.). Мал өлшенеді, с ы р ғ а салынады, қоңы анықталады (Т.Телеуғалиев, Ет эксперт.). Жаңа туған әрбір қозының құлағына с ы р ғ а салып, сол сырғадағы нөмірді кітапқа тіркеп отыру тағы бар (Б.Қыдырбекұлы, Шайтан.).