СЫРҒАНАҚ

lat: SYRǴANAQ

з а т. Коньки, шанамен сырғанайтын жер; мұз айдыны. Өзінің сабақтан тыс уақытын таза ауада, мұз айдынында, с ы р ғ а н а қ т а өткізеді (Б.Соқпақбаев, Болашақ.). Көлдің суат тұсының қиыстау кең айдыны коньки тебетін с ы р ғ а н а қ (Р.Әутәліпов, Алтын.). // Тайғақ, баянсыз, тайғанақ; тұрақсыз. Шіркін, азаттық-ай! С ы р ғ а н а қ тірлік, сыншыл көз сені бір сәт ұмытуға да азаттық керек (Ғ.Қайырбеков, Ақ желкен). Қарақас. Шешем, сорлы шешем. Ақырып қалатын болды. С ы р ғ а н а қ тағдыр сырып әкеп мені сізге күң етті (Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай).

Сырғанақ тепті. Коньки, шанамен сырғанады. Өзеннің үсті көк мұз. С ы р ғ а н а қ тепкен балалар (С.Мәуленов, Үркер.).