СЫРҒЫМАЛЫ

lat: SYRǴYMALY

с ы н. Жылжымалы, сусымалы. Қымбат ағаштардан жасалған үй қабырғалары с ы р ғ ы м а л ы екен (Ғ.Мүсірепов, Достық.). Байжан с ы р ғ ы м а л ы қосабат терезенің бірінен соң бірін жоғары көтерді (С.Мұқанов, Сырдария). Әбсаттар бүгін қызметіне ерте келіп, кабинетінің с ы р ғ ы м а л ы терезесін шалқасынан ашып тастап, орнына барып отырды (О.Сәрсенбаев, Жиде.).