СЫР

lat: SYR

(пар. сыр سر)   

1. Жан, жүрек.

2. Құпия.

Жүсіп айтты: Тыңлаңыз, иә сұлтан, Сырымды білер менім Азим Сұбхан («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Ақыретке барғанда, Өтірік, жалған сөйлесек, Ашылар бастан сырымыз («Мұхаммед пайғамбар». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).

Иләһи, барлық сырым мағлұм менім, Зұлымдардан қалмады жаным менім («Хикаят Марғұба қатын». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).