СЫРЛЫ

lat: SYRLY

с ы н. Бояу жапқан, боялған, сырланған. Есікке таман оюлы с ы р л ы кебеже, екі жақ босағада сәндік үшін іліп қойған тоғыз қара құндыз, Тоғыз қара түлкі (І.Есенберлин, Қаһар). «Қош бол» деп Гүлжәмила қайтады үйге, Бес пар ат парлап жеккен с ы р л ы күйме. Айырылып Кешубайдан қалары жоқ, Көрмей жүр дүниенің сырты міне (Ә.Найманбаев, Шығ.). Қазанның с ы р л ы қаласын Бұзып, жарып Қылекең Он екі күн дегенде Жалғыз жанды құтқармай Айдап шықты далаға (Батырлар жыры).