СЫРЛЫ

lat: SYRLY

с ы н. Құпия сырға толы. Таң бозарса, аспанда құйқылжытып Әнді неге салады бозторғайың?! Ғылымдылар тексеріп көрді ме екен, Әлемнің қиын с ы р л ы осындайын? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Толғау шын с ы р л ы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге де жараспайды. Толғау сияқты с ы р л ы шығармаға өтірік жараспақ түгіл бүлдіреді (А.Байтұрсынов, Шығ.). Ашылар аспан әудемде, Басылар дем ап күн жауып. С ы р л ы да нұрлы дүниеге, Қарарсың сонда бір ауық (С.Мәуленов, Алыс кет.). Сегіз қырлы, бір сырлы. Қолынан келмейтіні жоқ; өнерлі, шебер. Ол с е г і з қ ы р л ы, б і р с ы р л ы жігіт еді (Ж.Самұратов, Мәңгі есте). Жігіт жан дейтін жігіт С е г і з қ ы р л ы, б і р с ы р л ы болар (Шал ақын, Өлеңд.).