СЫРТТАЙ

lat: SYRTTAI

үст. Сыртынан ғана қарап, ішіне үңілмей тұрып; сыртынан. Туысып, жатқан тыңдарға тереңірек барып, тереңірек зерттеудің орнына, сырттай таңырқап, бірден тон пішіп, бірден өзімізше төрелік айтып тастауға ден қойып барамыз (4,316). Сырттай қарап, сыдыртып бір оқып шыққан адамға қазіргі жастар поэзиясы тізгінін де ұстатпайды (4,277).