СЫРЫ

lat: SYRY

е т. Жиі етіп, бастырып тігу. Қолдан с ы р ы ғ а н қара шарығымды киіп, сыртқа шықтым (М.Иманбаев, Сұлу). Ана бір жолы үнді көпесі Маравий Бараев сыйлаған астарына елтірі салып с ы р ы ғ а н бұқара ішігінің өңірін қусыра ұстап, екінші қолымен емен столды нығарлай таянып, шайқалақтап орнынан көтерілді (Ә.Кекілбаев, Шығ.). Әкем кетті аттанып көкшолақпен, Шоқпыт бөрік, үстінде жүннен шекпен, Аяғында с ы р ы ғ а н киіз етік, Екі жеңі жамаулы шуда жіппен (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).