lat: Saý bol
этн. а) Аман-есен жүр, қош деген мағынадағы қоштасқанда айтылатын тілек, әдеп сөз.
– Жарайды, оқасы жоқ. Жай, өзіңді көріп қайтайын деп келгем.Сау бол, – деді де есіктен шыға жөнелді (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті).
Машина орнынан қозғала бергенде Самал Нұржанға күлімдей қарап, әйнекке ернін тақап: «Сау бол!» – деп имене күбірледі (З.Жәкенов, Таң самалы).
ә) жерг. Рақмет деген мағынадағы ризашылығын білдіргенде айтылатын тілек, әдеп сөз.
Қандым, келін, сау бол, Алла разы болсын (Ж.Нәжімеденов, Кішкентай).