Сауда үйі

lat: Saýda úıi

э к о н. 1. а) Ірі сауда ұйымының үлгісі. Өндіріс аясына етене ену және несие-қаржы операцияларына қатысу сауда үйінің аса маңызды ерекшеліктері болып табылады (Қаз. тілі термин. Экономика). ә) Меншікті шоты есебінен немесе өндірушінің, тұтынушының немесе белгілі бір тауармен сауда жасаумен шұғылданып жүрген басқа адамдардың шоты есебінен негізінен нақты тауар жөнінде мәміле жасасумен айналысатын делдалдық фирма (Қаз. тілі термин. Экономика). б) Ірі сауда дүкені. Сауда үйіне барды (Ауызекі).