э к о н. Белгілі бір уақыт кезеңіндегі тауарлар экспорты мен импорты бойынша түсімдер мен төлемдердің арасалмағы. Саудабалансы кеден статистикасы негізінде әзірленеді, шекарадан өткен тауарларды да, уақыты жөнінен тауарлар қозғалысымен сай келмеуі мүмкін экспорт пен импорт төлемдері мен түсімдерін де көрсетеді (Қаз. тілі термин. Экономика). Саудабалансы активтік баланс немесе пассивтік баланс болуы мүмкін, активтік баланста елден (аймақтан) әкетілген тауар елге әкелінген тауардан асып түседі, пассивтік баланста тауар әкелімі тауар әкетілімінен асып түседі (Қаз. тілі термин. Экономика).