Сауын [сауынды] сиыр

lat: Saýyn [saýyndy] sıyr

Сауылатын сиыр. Ол с а у ы н  с и ы р л а р ғ а жаны ашып, әукесін ұзақ уақыт сипап тұрды (М.Дүзенов, Ақәже). Онда балаағасының таңдайына тартар екі- үш с а у ы н  с и ы р ғана бар (С.Мұқанов, Өсу жыл.). Өйткені аға сұлтан деген олардың с а у ы н д ы  с и ы р ы тәрізді еді, мыңдаған сом ақша әртүрлі жолмен келіп, қалталарына құйылып жататын (Б.Соқпақбаев, Қайда. Гауһар). Қонағына өлшеткен, Төрт қанат үй уығын. Кісі бойы қол жетпес Биіктігі сұлының, Жалбағай мен қостастар Көбейтті с а у ы н  с и ы р ы н (О.Шипин, Дастан.).