з о о л. <лат. dasypodidae> Денесінің арқа жағы сүйекті, ал оның сырты мүйізді сауытты қалқанмен қапталған мүктүсті сүтқоректі жануарлар тұқымдасы. Сауытты аңдар АҚШ-тың оңтүстігінен Чили мен Аргентина аралығына дейінгі аймақтарда таралған, ашық алаңқай жерлерде кездеседі (Қаз. тілі термин. Биология). Сауытты аңдардың кейбір түрлері еті мен сауыты үшін ауланып, саны азайғандықтан, ХТҚО-ның «Қызыл кітабына» тіркелген (Қаз. тілі термин. Биология).