Сауытты пойыз

lat: Saýytty poıyz

ә с к. Сырты сауытталған (оқтар мен жарықшақтан сақтану үшін) және қаруланған жылжымалы теміржол құрамы. Сауытты пойыз теміржол аймағында ұрыс жүргізуге бейімделген, сондай-ақ әскерді атыспен қолдауға арналған (Қаз. тілі термин. Әскери.). Сауытты пойызда сауытпен қапталған паровоз (тепловоз), екі немесе одан да көп вагондары немесе сауытты алаңдары, сондай-ақ 2-4 теміржолдық қалқалау платформа алаңы болады (Қаз. тілі термин. Әскери.).