САЯБАН

lat: Saıaban

(пар. сайебан سايبان)   

1. Көлеңкелі жер, күннен, жаңбырдан қорғанатын қалқа.

2. Ауысп. Қамқоршым, сүйенішім, панам.

Екі дүние раһбарым, мәрд майданым, иә Әли, Руз жазада дәсткерім саябаным , иә, Әли («Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).

Сарби бойлы балам, маңдайда барым, Саябаным , кетпегін («Едіге батыр эпосы». Бабалар сөзі. 39-том. 2006. 100 томдық).