lat: Saıaban
зат. 1. Дем алу үшін бау ішіне салынған, үсті жабық, көлеңкелі орын.
Ол ауланың ортасындағы кішкене көлшікті көрсетіп: – анау оның жағасындағы қазақтың отау үйіндей бос жер саябанның орыны, – деді (Р.Райымқұлов, Болат.).
«Беседка» сөзіне «саябан» тамаша табылған балама деп ойлаймыз» делінген екен, бұл біздің көңілімізді жадыратып тастады («Қаз. әдеб.»).
2. жерг. Қолшатыр.
Саябаныңды ала шық (Ауызекі).