Саяхаттау, сапарлау, жолаушылау

lat: Saıahattaý, saparlaý, jolaýshylaý.

Алыс жерге сапарға шығу, ел аралау. Біздің елімізге саяхаттап келетін туристердің арасында елімізге қарсы пиғылдағы адамдар да кездеседі («Казақст. мұғ»). Көрдім мен қанша тауларды Сапарлап алыс жақтарға (С. Жиенбаев). Өзіміздің де өлең айтушыларымыздың алдын жолаушылатып Петерборға дейін жіберіп отырмыз (К. Оразалин).