lat: Saıası
[ар. с ы н. Саясатпен байланысы бар, саясатқа қатысты Шөлдеген қиялға сусын болатын әр тараулы мағлұмат, қазіргі қазақ тілінде шығып тұрған газеталар с а я с и хабарларды жазудан артық босанбайды («Абай»). Тайыр с а я с и өлеңдердің шебері болумен бірге, нәзік сырлы лирик ақын еді (С.Мәуленов, Үркер.). Әрине, әдебиет және өнер онкүндіктерін өткізудің зор с а я с и мақсаты да бар (І.Омаров, Серпін). Тоқырау рухани салада, с а я с и болмыста етек жайды, халықтар достығына нұқсан келді, әсіресе, Кеңес Армиясының Батыс елдерге жасаған зорлық экспансиясы, Берлин қабырғасы, әділетсіз Ауған соғысы коммунизм идеясын арзандатуға әкелді (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт). Авторитарлы саяси жүйе . с а я с и. Қоғамның саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі болатын, заңдылығының негізі дәстүр мен билеушінің харизмалық тұлғасы болып табылатын демократияға қарама-қайшы өтпелі саяси жүйе. А в т ор и т ар л ы с а я с и ж ү й е л е р д е басқарушы топтың билігін қалың бұқара мойындамайды (Саяси түс. сөзд.). Адамның саяси құқықтары. с а я с и. Адамның, мемлекеттің қоғамдық және саяси өміріне араласу мүмкіндіктері. А д а м н ы ң с а я с и қ ұ қ ы қ т а р ы н а азаматтық алуға, сайлау, ар-ождан еркіндігі, ақпарат алуға құқықтары жатады (Саяси түс.сөзд.). Саяси автаркия . с а я с и. Мемлекеттік және саяси-мемлекеттік емес субъектілермен тұйықталған саяси жүйені құру мақсатында саяси институттарды оқшаулауға бағытталған шаралар мен құралдар жиынтығы. С а я с и а в т а р к и я - елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат (Саяси түс. сөзд.). Ішкі с а я с и а в т а р к и я орталық пен аймақ арасындағы қарама-қайшылықтан туады (Саяси түс. сөзд.). Саяси айдар тағу. Саяси алдап-арбау әдісінің бір тәсілі. «Сейфуллиншіл», «байтұрсыновшыл», «рысқұловшыл», «мыңбаевшыл», «қожановшыл», «сәдуақасовшыл», «төреғожиншыл» т.б. «шылдар» 1937-1938 жж. зобалаңды тудырды. Қазақтың жасампаз зиялыларын «әш- керелеудің», оған с а я с и а й д ар т а ғ у д ы ң, ВКП(б) өлкелік партия комитетіне қарсы шыққан оппозицияның басшысы ретінде көрсетудің дем берушісі, әрі ұйымдастырушысы Ф.И.Голощекин болды (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт). Саяси айыпкер. Саяси көзқарастары ресми билік көзқарастарына қайшы келгендіктен, қудалауға ұшырап, айыпталған адам. С а я с и а й ы п к е р л е р г е - азаттық (М.Дулатов, Шығ.). Саяси ақпарат. а) Бұқаралық үгіт жұмысының бір түрі . ә ) ә с к. Елдегі және шетелдердегі саяси, экономикалық және қоғамдық өмір фак- тілерімен, құбылыстармен, оқиғалармен, әлемдегі әскери-саяси жағдайлармен (жоғарыдан келер ақпаратпен) таныстыру, хабардар ету, жүргізілген жұмыс туралы мәліметтерді толықтыру. С а я с и а қ п а р а т - сондай-ақ жеке құрамның көзқарасы, әскери тәртіпті сақтауы, қарулы күштердің бөлімшелері, бөлімдері, құрамаларының міндеттерді орындауы (төменнен келер ақпарат) туралы мәліметтерді, мағлұматтарды, жалпыланған материалдарды беру (Қаз. тілі термин. Әскери). Саяси ақтау. Негізсіз бұзылған саяси және азаматтық құқықтарды қалпына келтіру. Амнистиямен салыстырғанда с а я с и а қ т а у тек қылмыстық жазалауларды ғана емес, саяси- заңдық санкциялар мен нәубетке ұшырағандарды азат етуді білдіреді (Саяси түс. сөзд.). Саяси алаң . Тарихи субъектілердің, кейіпкерлердің өмірі . Халықаралық Аралды құтқару қоры қазір барлық елді біріктіреді. Ол бүгінгі таңда аймақтағы 5 ел түгел қатысып отырған бірден-бір с а я с и а л а ң болып отыр («Егемен Қазақстан»). Саяси алдап-арбау әдісі. Адам санасына нақты әдістерді қолдану арқылы өз мүддесі мен мақсатына қол жеткізу үшін әлеуметтік аңыздарды енгізу. С а я с и а л д а п-а р б а у ә д і с т е р і н е фактілерді алмастыру, тиімсіз ақпаратты айтпай қалу, өтірік пен өсек тарату, ақиқатты жартылай айту, айдарлар тағу жатады (Саяси түс. сөзд.). Саяси апатия . п с и х о л . Саяси шындықтағы оқиғаларға эмоциялық салғырт, қызығушылық танытпай қараумен сипатталатын индивид жагдайы. С а я с и а п а т и я саяси жатсыну мен саяси оқшауланудың салдары (Саяси түс. сөзд.). Саяси ахуал. Қандай да бір саяси кеңістіктегі билік саясатына, билік пен бұқара арасындағы қатынасқа т.б. байланысты қалыптасқан жағдай. И.Сталиннің Ұлы Отан соғысы алдындағы жылдардағы с а я с и а х у а л ғ а, одан қалды халықаралық жағдайға баға берудегі, тотальді репрессия жүргізіп, Қызыл Армияны баудай қыруы, казармалық социализмнің елге, халыққа жасаған озбырлығы бұл күні баршаға мәлім (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт). Саяси әділеттілік. Саясат объектілері мен субъектілері, институттар мен азаматтар, мемлекеттік аппарат пен тұрғындар арасындағы үйлесімді қатынастар көрінісі. С а я с и ә д і л е т т і л і к мазмұны нақты экономика мен саясаттың сипатына тәуелді (Саяси түс. сөзд.). Саяси әзіл [анекдот]. Қандай да бір саяси жағдай, көшбасшы немесе саяси топ өкілінің мінез-құлқы туралы қысқаша күлкілі әңгіме. Себебі сталиндік кезеңдегі өкімшіл-өміршіл режимде анекдот айту мүмкін болмады. С а я с и а н е к д о т айтсаң, сотталасың, басқа анекдот айтсаң, тағы бірдеңе («Алаш айнасы»). Саяси әлеуметтану . ғ ы л. Арнайы ғылыми пән ретінде саясатты әлеуметтанушылық құралдармен, яғни саясатты саяси өмір сипатын анықтаушы өзара қарым-қатынастағы субъектілер, институттар мен ережелер арқылы зерттейтін ғылым саласы. Са я с и ә л е у м е т т а н у саясатты әлеуметтік құрылым, бейресми әлеуметтік институттар, қоғамдық пікір, саяси мәдениет, саяси қатысу, саяси идеология көмегімен талдайды (Саяси түс. сөзд.). Саяси әлеуметтену. с а я с и. Қоғамдық үдерістер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси рөл атқарып, әлеуметтік-саяси қалыптасуы. С а я с и ә л е у м е т т е н у отбасы, құрдастар тобы, мектеп, жоғары немесе арнаулы орта оқу орны, саяси ұйым, ұжым сияқты өмірдің сан саласында пайда болып, одан әрі өрбиді (Саяси түс. сөзд.). Саяси бағдарлама. с а я с и. Партияның немесе мемлекеттік институттардың саяси тұғырын, негізгі қағидаларын, мақсаттары мен оны жүзеге асыру тәсіл құралдарын түсіндіру және осылар түсіндірілетін құжат. С а я с и б а ғ д а р л а м а л а р қысқа, концептуалды, кейде бүге-шігесіне дейін анықталған болуы мүмкін (Саяси түс. сөзд.). Саяси баспана. с а я с и. Өз елінде саяси себептерге байланысты қудалау көрген шетелдік азаматқа немесе азаматтығы жоқ тұлғаға басқа елде тұру құқығын беру. Қазақстан Республикасының Президенті Республиканың азаматтығы, с а я с и б а с п а н а беру мәселелерін шешеді (ҚР Конституциясы). Саяси басымдықтар . с а я с и. Саяси тұрғыдан бірінші кезекте көңіл бөлуді, күш жұмсауды қажетсінетін мәселе . С а я с и б а с ы м д ы қ т а р д ы ң қатарына адам өмірін қорғау, өркениетті дамыту, қоршаған ортаны қорғау, т.б. жатады (Саяси түс. сөзд.). Саяси бедел. с а я с и. Саясат субъектісінің билікті жүзеге асыру мүмкіндіктері мен құқықтарының қоғам тарапынан мойындалуы, сая- сат қайраткерінің іргелі қасиеттерінің бірі. Сол кезеңде қалыптасқан принциптер бүгін жүргізіліп жатқан ұлттық саясатымыздың негізгі бағдарын анықтап берді десек те болады. Ал институттың с а я с и б е д е л і н е ғана емес, оның деңгейіне тікелей әсер еткен - Елбасының өзі («Алаш айнасы»). Болашақта тәуелсіз түркі тілдес елдердің ынтымақтастығына жол кеңінен ашылуы тиіс. Ол үшін с а я с и б е д е л мен нақты саясат қажет («Айқын»). Саяси белсенділік . с а я с и. Саяси ортада өмірлік маңызы бар байланыстарды қайта құруға немесе қолдауға бағытталған жеке тұл- ғаның белсенді қызметі. С а я с и б е л с е н д і л і к қабылданған мақсатқа қатысты саяси қызметтің тұрақтылығымен сипатталады (Саяси түс. сөзд.). Саяси билік. Таптың, топтың, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіретін билік . Күн тәртібінде XX ғ. кезеңдеу проблемасы тұр. Ал кезеңдеу болса бірнеше принциптерге негізделуі керек. Ол принциптер: с а я с и б и л і к өзгерісі, меншік өзгерісі, таптық өзгеріс, рухани идеология саласындағы өзгерістермен санасу арқылы іске асары хақ (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт). С а я с и б и л і к адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған (Саяси түс. сөзд.). Саяси білім. Саясаттағы кәсіби мінез-құлық пен саяси мәдениет шарттарын қалыптастыратын әлеуметтендіруге дайындық ретіндегі қажетті білімдер. Азаматтық және кәсіби салада қаланған с а я с и б і л і м қоғамдағы демократиялық институттардың дамығандығын көрсетеді (Саяси түс. сөзд.). Саяси бірегейлік. с а я с и. Қандай да бір қоғам мүшелерінің өздерін белгілі бір саяси идея, идеология, мінез-құлық үлгісі т.б. сәйкестендіруі, қоғамдағы ортақ саяси идеалдар төңірегінде ұйысуы. С а я с и б і р е г е й л і к адамның өзін басқа адамдармен эмоциялық байланыстар негізінде біріктіруге ұмтылу үрдісі болып табылады (Сая- си түс. сөзд.). Саяси бірлестік . Саяси одақ, саясат субъектілерінің қандай да мақсаттагы біріккен тобы. Сақтар - Қара теңізден Үнді түбегіне дейін, оңтүстік Сібірден Памир тауларына дейінгі алып сахарада көшіп-қонып жүрген жалпақ жұрт. Оларды біртекті этнос, біртілді халық деп тану мүмкін емес. Көп этнотоптардан құралған, полимәдени салты бар, әскери-демократиялық құрылымдағы с а я с и б і р л е с т і к болды («Қаз. әдеб.») Саяси география. ғ ы л. Қоғамдық географиялық ғылымның саясаттанумен ұштасыт жатқан әлемнің саяси картасының қалыптасуын зерттейтін тармағы. С а я с и г е о г р а ф и я географиялық түрге баса көңіл бөле отырып, оларға саяси түсініктеме береді (Саяси түс. сөзд.). Саяси дәріс. Саяси мәселелерге арналған оқыту, ақпарат беру мақсатындағы арнайы дәріс. Біз Керенскийден с а я с и д ә р і с алайын деп отырған жоқпыз (М.Шоқай, Таңд.). Саяси енжарлық. Саяси өмірге қатысуга ынтаның болмауы немесе саясатқа енжарлық. С а я с и е н ж а р л ы қ саяси мәдениет дамуының төмендігін білдіреді (Саяси түс. сөзд.). Саяси ереуіл . Қандай да бір әлеуметтік топтың немесе таптың саяси билікке қарсы ашық наразылық білдіруі немесе қарулы көтеріліске шығу жолы. С а я с и е р е у і л ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған, заңды немесе заңсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін (Саяси түс. сөзд.). Саяси есею. Саясат мәселелері жөнінде білімі мен тәжірибесі арту, жетілу. Ленинградта өткен жылдар жас Әлкей үшін дүниеге көзқа- расының да шыңдалу кезеңі болды. Рухани марқаю с а я с и е с е ю м е н қабысты («Жұлдыз»). Саяси жарамсыздық. Саясатқа қатысты қауқарсыздық, қабілетінің жетіспеушілігі . Орыс демократиясының с а я с и ж а р а м с ы з д ы ғ ы салдарынан Ақпан төңкерісі жеңіліс тапты (М.Шоқай, Таңд.). Саяси жарнама. с а я с и. Саясат субъектісінің мәнін қысқа және эмоциялық тұргыдан ашу және оған оң қатынасты қалыптастырумен қатар оны қолдауға итермелеуге бағытталған саяси имиджді қалыптастырудың маңызды тәсілі. Жазалау шаралары ашық түрде жүргізіледі, сондықтан көптеген адамдар мұндай жазаның куәгері бола алады, бұл шаралар с а я с и ж а р н а м а ретінде қолданылғандықтан, қоғамға тез жарияланып, ұзақ уақыт бойы есте сақталады («Айқын»). Саяси жүйе. с а я с и. Қоғамның нақты саяси қызмет атқаратын әлеуметтік институттарының жүйесі. Адамзаттың саяси өмірінің даму тарихы с а я с и ж ү й е л е р д і ң пайда болып, дамуымен және алмасуымен сипатталады (ҚҰЭ). Билік үнемі с а я с и ж ү й е н і өз мақсатына ыңғайлап құруға мүдделі (ҚҰЭ). Саяси идеал. Даму мақсаты мен саяси мінез-құлықтың үлгісі, әлеуметтік-саяси құндылықтар толық көрініс тапқан әлеуметтік және саяси құрылыс түрі. С а я с и и д е а л, мысалы, құқықтық және әлеуметтік қоғам болып табылады (Саяси түс. сөзд.). Саяси имидж. ж а ң а. Саясаткердің өзі туралы, оның тұлғалық қасиеттерін бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоршаған ортасымен қалыптастырылған түсініктер негізінде жасалған бейнесі. С а я с и и м и д ж мамандармен жасалған бейне үлгісі (Саяси түс. сөзд.). Саяси институттар. с а я с и. Құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме. Са я с и и н с т и т у т т а р ғ а мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, жастардың, әйелдердің т.с.с. бірлестіктері жатады (Саяси түс. сөзд.). Саяси кеңістік. с а я с и. Қоғамның саяси ұйымы ретіндегі саяси институттар мен мекемелер жиынтығы. С а я с и к е ң і с т і к ұғымы халықаралық саяси институттар мен ұйымдар жиынтығын қамтиды (Саяси түс. сөзд.). Саяси конфликт. с а я с и. Саяси жанжал, түрлі мүдделі саяси топтар арасындагы тартыс . Экономикалық талаптар, ұлттық таластар, әлеуметтік қайшылықтар да с а я с и к о н ф л и к т і г е ұласып кетуі ықтимал (ҚҰЭ). Саяси көзқарас. с а я с и. Кең мағынада адамның, әлеуметтік топтың, жалпы қоғамның саяси өмірге қатысты түсініктері, тармағынада саяси билік пен нақты билікке қатысты көзқарасы. Егер менің ауызша да, жазбаша да әлденеше рет мәлімдеген с а я с и к ө з қ а р а с т а р ы м сол кезде ескеріліп жатқан болса, бүгінгі күні ашық саясатта жүрмеуім де мүмкін еді («Жас Алаш»). Саяси көрсоқырлық. Саяси білімдерінің төмендігі, саяси надандық . Оны қайта тірілту әрекеті - с а я с и к ө р с о қ ы р л ы қ және Түр- кістанның ұлттық тәуелсіздігі жолында құрбан (М.Шоқай, Таңд.). Саяси көшбасшы. с а я с и. Әлеуметтік- саяси үдерістер мен жағдаяттарда, ұжым, топ, қоғамдағы, ұлттар, мемлекеттер, халықаралық қатынастардағы өзара әрекеттестікті реттеуде жеке тұлғасының әсері мен ықпалы маңызды рөл атқаруға мүмкіндік беретін қоғамдық ұйым немесе әлеуметтік топтың белсенді мүшесі. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті, өйткені с а я с и к ө ш б а с ш ы ғ а басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр (Саяси түс. сөзд.). Мұсылман әлемі мен Батыс елдерінің с а я с и к ө ш б а с ш ы л а р ы арасындағы диалогты ұйымдастыру туралы Қазақстанның бастамасы да халықаралық қауым- дастықта жоғары бағаланды («Егемен Казақстан»). Саяси күрес. Билік үшін немесе билікке әсер ету үшін мүдделі топтардың күресі . Екіншіден, с а я с и к ү р е с және ұйымдастыру тәжірибесі кеміген бір жас түркістандықты тура жолдан жендеттер тұзағына түсірген болар едім (М.Шо- қай, Таңд.). Саяси күш. Саяси қауқары жоғары, саяси әлеуеті бар топ, тап. Бұл сол баяғыдай: спорт чемпионы мен белгілі жазушылардан бастап, айтқанына көндіріп, айдауына жүргізетін барлық күшті бір қолға топтастырған аса беделді с а я с и к ү ш болатын («Егемен Қазақстан"). Әлемдік с а я с и к ү ш т е р арасалмағында демократиялық пиғылдардың басым түсуі арқасында теңдікке жеткен халықтар тек сол процестерді одан әрі тереңдете түсу арқылы ғана өз тәуелсіздігін сақтап қала алады (Ә.Кекілбаев, Үш белес). Саяси қағажу. Саяси қудалаудың бір түрі. 1934-1939 және 1947-1953 жылдары академиялық іргелі ғылыммен айналысудан шеттетіліп, қазақ эпосы мен тарихы туралы зерттеулері с а я с и қ а ғ а ж у ғ а ұшыраған кезде Әлекең елден бойын аулақ салып, «тасада жүріп» деректер жинап, ұлтының ұмыт қалған өнерін зерделеп, қағазға түсірген екен («Егемен Казақстан»). Саяси қайраткер. Саясат қайраткері. С а я с и қ а й р а т к е р л е р д і ң портретін әрлендіргендей ретушерлер еш адамның суретін ыждақаттылықпен баптаған жоқ («Алтын Орда»). Саяси қашқын. с а я с и. Саяси себептерге байланысты қудалау көрген шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ тұлға . Ендеше, осында бір с а я с и қ а ш қ ы н бар, соған паспорт керек болып тұр (М.Дулатов, Шығ.). Саяси қуғын-сүргін. т а р. Кеңестік әміршілдік жүйенің саяси және таптық қарсыластарын «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» ретінде саяси қудалау саясаты. Қазан төңкерісінен және КСРО-дағы Азамат соғысынан бастау алған с а я с и қ у ғ ы н-с ү р г і н науқандары Кеңес Одағы тарағанға дейін созылды (ҚҰЭ). Саяси құзыреттілік. с а я с и. Саясат туралы кең көлемдегі кешенді білімдерді игерушілік және оларды қоғамның саяси өмірінде тиімді қолдана алу біліктілігі. Елімізде саясат субъектілерінің с а я с и қ ұ з ы р е т т і л і г і н арттыратын шаралар аз емес («Айқын»). Саяси құндылықтар. с а я с и. Әлеуметтік субъектілердің өз тәжірибесіне сүйене отырып, қандай да бір құбылыстарды, үрдістер мен саяси өмір ережелерін басым мойындауы. С а я с и қ ұ н д ы л ы қ т а р саяси менталитеттің құрамдас бөлігі ретінде зерттеледі (Саяси түс. сөзд.). Саяси құрылым. с а я с и. Саяси тұтастықтың құрамдас бөліктері, элементтері арасындағы тұрақты және тәртіптелген байланыстар. С а я с и қ ұ р ы л ы м адамның саяси тұрмысын сипаттай алады (Саяси түс. сөзд.). Саяси мәдениет. с а я с и. Әлеуметтік топтардың, қауымдардың, жеке адамдардың саясат саласындағы тарихи тәжірибесі мен жады, саяси қызметінен көрініс табатын тұрақты көзқарастары мен құндылықтары, тұжыръмдары мен саяси дағдыларының жиынтығы. С а я с и м ә д е н и е т қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды (ҚҰЭ). Біз үшін с а я си м ә д е н и е т - ең алдымен, демократиялық қарым- қатынас мәдениетіне жетілу (Ә.Кекілбаев, Үш белес). Саяси мәртебе. с а я с и. Саяси институттардың, адамдардың құқықтары бостандықтары, міндеттері, олардың заңмен бекітілген саяси жағдайының жиынығы. Адам құқықтары мен бостандықтары оның мәртебесін, соның ішінде с а я с и м ә р т е б е с і н анықтайды (Саяси түс. сөзд.). Саяси мүдде. с а я с и. Адамның, әлеуметтк топтың қандай да бір саяси құбылыстарға, үдерістерге өзінің дүниетанымдық қағидаттары, сенімдері, ұстанымдары негізіндегі ерекше қатынасы. С а я с и м ү д д е н і жүзеге асыру тетіктері - саяси қатысу және саяси қызмет (Саяси түс. сөзд.). Саяси партия. с а я с и. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық деңгейдегі топ өкілдерінің мүдделерін қорғайтын ұжым, өзіндік қызмет бағдарламасы, мақсаты мен ұстанымдары бар ұжым . Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде с а я с и п а р т и я д а ғ ы қызметін тоқтата тұрады (ҚР Кон- ституциясы). Қоғамдық өкілдік с а я с и п а р т и я л а р ұсынған және партиялық тізімдер бойынша сайланған депутаттар арқылы жүзеге асырылады («Егемен Қазақстан»). Саяси үдеріс [процесс]. с а я с и. Саяси жүйелер шеңберінде жүретін индивидтер, социумдар, топтар, халықтар, ұлттар, ұлыстар, т.б. саясаттың түрлі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы. С а я с и п р о ц е с с саяси қатынас субъектілерінің әрекеттерінде көрініс табады (ҚҰЭ). Саяси реформа. Қандай да бір қоғамның құрылысындағы саяси қатынастарды реттеуге бағытталған жаңа өзгерістер енгізу. Мен тіпті біздегі экономикалық реформалар с а я с и р е ф о р м а л а р д а н да ауырға түсті ме деп те ойлаймын («Егемен Қазақстан»). Біз егемен Қа- зақстанның негізгі жетістігі - қоғамымыздағы тұрақтылықты, халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған экономикалық, с а я с и р е ф о р м а л а р д ы жүргізетін боламыз ( « Егемен Қазақстан»). Саяси рух. Саясатқа белсенді араласуға деген шабыт. Автономияның жариялануы түркістандықтардың с а я с и р у х ы н бірден күшейтіп жіберді (М.Шоқай, Таңд.). Саяси салғырттық [самарқаулық]. Саяси өмірге, оның проблемаларыіна, оқиғаларына қызығушылықсыз, немқұрайлы қарау, белсенді саяси іс-әрекеттерге араласпау. Бұқара мен билік, ауқаттылар мен жоқ-жітіктер арасындағы атшаптырым алшақтық, экономикалық енжарлық және с а я с и с а м а р қ а у л ы қ, сыбайлас жемқорлық, олигархиялық байлыққұмарлық пен билікқұмарлықта содан [монополизмнен] өрбитіні сөзсіз («Егемен Қазақстан»). Саяси сана. с а я с и-ә л е у м. Өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп- сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Елде билік дағдарысы құбылысы күн тәртібінен түсті. Соның арқасында елдің саяси жүйесінде, халықтың с а я с и с а н а с ы мен мәдениетінде президенттік билік өз орнын бірден тапты («Хабаршы»). &n