САЯСИ АВАНТЮРИЗМ

lat: Saıası Avantúrızm

саясатта, билік жүргізуде және т.с.с. белгілі бір мақсат-мүддеге жету үшін күдікті, шүбәлі жолмен оңай олжа іздеушілік. Әдетте, мұндай саясат елдің қоғамдықсаяси жағдайын шиеленістіріп, адамдардың, халықтардың тағдырына ауыр зардабын тигізуі мүмкін. Саяси авантюризм өтпелі кезеңді басынан кешіруші қоғам үшін өте қауіпті. Себебі оның субъектілерінің қызметі қоғам мен мемлекетті біріктірудің орнына ыдыратады.