саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар, соның ішінде кәсіподақтар, кәсіпкерлер ұйымдары, әртүрлі қысым көрсетуші топтар саяси үрдістің маңызды қатысушылары болып табылады. Олардың ықпалымен мемлекеттік құрылымдарды қалыптастыру, саяси бағытты түзету жүзеге асырылады, саяси даму бағытталады. Екінші жағынан бұл саяси институттар таза саяси сипатта емес. Олардың қызметінде саяси және саяси емес міндеттер қатар жүреді, әлеуметтік шығармашылық үрдіс тән, жаңа өмір түрлері қалыптастырылады.