САЯСИ ИНСТИТУТТАР

lat: Saıası INSTITÝTTAR

құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме. Мысалы, оған мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, жастар, әйелдер және т.с.с. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.б. қасиеттерін байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.